Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте базардан өрт шығып, бутиктер мен екі автокөлік отқа оранды

Опубликовано:

Өртсөндірушілер базардағы өртті сөндіріп жатыр
Шымкент базарындағы өрт. Фото: t.me/qr_tjm

2 шілдеге қараған түні Шымкенттегі базарлардың бірінен өрт шықты – бутиктер мен автокөліктер өртенді. Қазір мамандар өрт неден шыққанын анықтап жатыр. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, базардағы өрт түнде шыққан.

Оқиға орнына барған өртсөндірушілер сауда бутиктері өртеніп, екі көлік зақымдалғанын анықтаған.

"ТЖМ күштерімен ауданы 400 ш. м. аумақтағы ашық жану толығымен жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2127240-shymkentte-bazardan-ort-shygyp-butikter-men-eki-avtokolik-otqa-orandy/