Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды ​облысында өзенге батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

Жарияланған күні:

Құтқару шеңбері
Құтқару шеңбері. Көрнекі фото: Three Images / Getty Images

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде суға батып кеткен қыздың денесі арада 3 күн өткенде табылды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлайды.

Сүңгуірлер суға батқан қыздың денесін оқиға болған жерден бір жарым километр қашықтықтан тапқан.

"Бүгін құтқарушылар суға батқан екінші қыздың денесін 1300 шақырым жерден тапты. Іздестіру жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар қызметі, ПД, Теміртау қалалық аңшылар мен балықшылар қоғамының қызметкерлері, туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар жүргізді. Іздеу жұмыстарына барлығы 40 адам, 9 техника және 7 су көлігі жұмылдырылды", – деді Бұқар жырау аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Ерсін Жүнісбеков.

Іздестіру жұмыстарына көрудің нашарлығы мен қатты ағын кедергі келтіргені атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 29 маусым күні Бұқар жырау ауданына қарасты Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында болған.

Куәгерлердің айтуынша, қыздар суға батқан жерде иірімі бар қатты ағыс, жағадан 4 метр қашықтықта құлама жар бар.

Сондай-ақ осыдан бірнеше күн бұрын Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде екі баланың суға батып кеткені хабарланған болатын.

Дереккөз: almaty.tv.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2127816-qaragandy-oblysynda-ozenge-batyp-ketken-ekinshi-qyzdyng-denesi-tabyldy/