Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында сүйіктісінің көлігінен өлі күйінде табылған қызға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Полицей
Тәртіп сақшысы тексеріс жүргізіп жатыр. Көрнекі фото: Polisia.kz

Түркістан облысында 19 жастағы бойжеткен сүйіктісінің көлігінен өлі күйінде табылды. Облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, ұзатамыз деп отырған қызын ақтық сапарға шығарып салған отбасы мүшелері үш күннен бері ес жия алмай жүргенін айтты.

"Үйіне барсақ есік алдында жедел жәрдем көлігі тұр екен. Қызымызды буындырып өлтіріп, денесін көліктің ішіне кіргізген. Енді оны жоққа шығарып, газдан уланып қалған деп отыр. Қазір бірнеше сараптама жасатып жатырмыз. Жауабы бір аптадан соң шығады дейді", – деді  марқұмның әкесі Данияр Құрбаналиев.

Жақындарының айтуынша, табылғанда бойжеткеннің үстіндегі киімнің жартысы болмаған. Ал мәйітті жуындыруға кіргендер Дильмураның бет-аузының сау-тамтығы жоқ дейді. Олардың айтуынша, қорлықтан қашқан қыз күдіктімен біршама уақыт бойы алысқан.

"Қыз өзін қорғамақ болып, қарсыласқан. Кейін есін білмей қалған. Денесін машинаға кіргізіп, терезелерін жауып, кішкентай шланг салып, газ жіберген", - деді марқұмның туысы Малахат Құрбаналиева.

Бойжеткеннің өліміне күдікті деп танылған ер адам ұсталды. Ол Дильмурамен бір жыл бұрын сөз байласқан 19 жастағы жігіт. Екі жас биыл үйленуді де жоспарлаған екен. Бірақ бірі о дүниеге аттанып, екіншісі қамауға алынды.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Студент қыздың жұмбақ өлімі туралы күдіктінің жақындары пікір білдіруден бас тартты. Қара жамылған отбасы жігіттің ауқатты әулеттен шыққанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2128548-turkistan-oblysynda-qyzdy-uryp-oltirdi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/