"12 рет пышақ сұққан": Алматы облысында ер адам қатігездікпен өлтірілген
Жарияланған күні:
Желіде Алматы облысында 29 жастағы жігіттің пышақ жарақатынан қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Адам өлімі туралы ақпарат Telegram-дағы egov.press арнасында пайда болды.
"Алматы облысының Есік қаласында белгісіз ер адам "Тойота RAV4" автокөлігімен келе жатып, 1995 жылы туған жігітке 12 рет пышақ сұғып алған", - делінген ақпаратта.
Бұл мәліметке қатыстыАлматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген ведомство хабарында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2129520-12-ret-pyshaq-suqqan-almaty-oblysynda-er-adam-qatigezdikpen-oltirilgen/