Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды маңында цемент таситын көлік аударылды: жүргізуші қаза тапты

Жарияланған күні:

Жол-көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы. Видео кадры: t.me/patriot_krg

Қарағанды облысындағы тасжолда жүргізуші денсаулығы сыр беріп, тізгінге ие бола алмай қалған. Апаттан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасында Қарағанды облысында болған оқиғаның салдары түсірілген видео жарияланды.

"Бүгін Қарағанды-Сортировка" тасжолында болға жол-көлік оқиғасының орнында түсірілген видео. Цемент тасушы көліктің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалып, жол шетіне шығып кеткен", - делінген видео сипаттамасында.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жол-көлік оқиғасы туралы түсініктеме берді. Полицейлердің мәліметінше, апат 7 шілдеде, жексенбіде сағат 08:58-де "Қарағанды-Теміртау" автожолында болған.

"Liangshan Dongyue көлігінің 38 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, денсаулығының нашарлауына байланысты тізгінге ие бола алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан қаза болды", - деп түсіндірді полициядағылар.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130351-qaragandy-mangynda-tsement-tasityn-kolik-audaryldy-zhurgizushi-qaza-tapty/