Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да алай-дүлей боран соқты: үйлердің шатырын жел ұшырып әкеткен (видео)

Жарияланған күні:

БҚО-дағы боран
БҚО-дағы боран. Фото: https://t.me/uralskweek_kz

Оралда және Батыс Қазақстан облысының бірнеше елді мекенінде шаңды дауыл тұрды. Куәгерлер ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшқанын хабарлап жатыр.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, қатты соққан желмен қатар найзағай ойнаған.

"Желдің екпіні секундына 35 метрге жетеді. Оралда, Ақсайда және бірнеше ауылда жарық сөніп, жұрт сусыз қалды", - деп жазады өңірлік басылым.

Кейінірек желден көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкеткені хабарланды.

"Жүнісов, 15 мекенжайындағы үйдің шатыры қирады. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеді", - делінген видео сипаттамасында.

Бораннан Орал мен бірнеше елді мекенде жарық сөніп қалғанын "Мой город" порталы жазды. Басылымның Telegram-дағы арнасында бірнеше видео жарияланған.

"Өркениет игіліктерінің жоқтығына қаланың орталық бөліктерінің ғана емес, Зашаған және Деркөл кенттерінің, алтыншы шағын ауданның, Ет комбинаты, ескі әуежай маңы тұрғындарының және тағы басқа елді мекен тұрғындары шағымданды. Қаланың әр түкпірінен құлаған ағаштар мен ғимараттардың шатырлары ұшқаны туралы ақпарат келіп жатыр", - деп жазады портал.

"109 "бірыңғай анықтамалық қызметінде журналистерге қала бойынша апат жағдайындағы ажырату болғаны және коммуналдық қызметтер ақауларды жойып жатқанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130381-bqo-da-alai-dulei-boran-soqty-uilerding-shatyryn-zhel-ushyryp-aketken-video/