Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үш жасар бала терезеден құлап мерт болды

Опубликовано:

Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Оралда 7 шілдеде оқыс оқиға болды – үш жасар бала терезеден құлап кетті. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Балақай дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Оралда 7 шілдеде сағат 22:50-де 2019 жылы туған кішкентай балақай бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген полиция хабарламасында.

Дәл осы күні Оралда тағы бір осыған ұқсас жағдай болды – бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130696-oralda-ush-zhasar-bala-terezeden-qulap-mert-boldy/