Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарақат алғандар бар": Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде жанжал шықты

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

8 шілдеде сағат 20:40 шамасында Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шыққан. Салдарынан бірнеше ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Диапазон" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деп хабарлайды полиция департаменті өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адам зардап шеккен. Ең үлкені – 39 жаста, қалғандары 28 бен 31 жас аралығында. Үш ер адам пышақ жарақатын алған, біреуінде жабық бас-ми жарақаты және ми комасы анықталған. Бір ер адам медициналық тексеруден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130915-zharaqat-algandar-bar-aqtobedegi-damhanalardyng-birinde-zhanzhal-shyqty/