Атырау облысында мектеп түлегі қаза тапты: полиция мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Полицейлер Атырау облысындағы жас түлектің қазасына қатысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлім етті. 19 жастағы күдікті тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелген.
"2005 жылы туған, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131191-atyrau-oblysynda-tulek-qaza-tapty-politsiia-malimdeme-zhasady/