Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасы жанында болды": БҚО-дағы демалыс орталығында жасөспірім суға батып кетті

Опубликовано:

жағажай11
Жағажай. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Желаево ауылы маңындағы демалыс орталығында жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, оқиға 9 шілдеде болған - демалыс орталығында 14-15 жас шамасындағы бала көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, ол жүзуді білмеген.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қазір ақпарат жиналып жатқанын айтып, оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Ал, демалыс орнының иесі Айбек Хасенов оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол жасөспірімдердің қасында ата-анасының болғанын, яғни оларды үлкендер ертіп жүргенін, туған күн тойлап жатқанын айтты.

"Бізде камера бар және қайғылы сәт түсіп қалған. Жасөспірім суға батып бара жатқанда, оның қасында тағы үш адам болды, олар қорқып кеткенін айтады. Бізде құтқаршуы бар, ол жүгіріп, бір-екі минуттың ішінде оны судан шығарып алды.

Алғашқы көмекті дәрігер болып шыққан ата-аналардың бірі көрсетті. Баланың аузынан көбік шыға бастады, өкінішке қарай, оны шығарып тастай алмады. Жасөспірімге нақты не болғанын сараптама анықтайды, қызметкерлер видеожазбаны алды", - деді Хасенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131443-ata-anasy-zhanynda-boldy-batys-qazaqstandagy-demalys-ortalygynda-zhasospirim-suga-batyp-ketti/