Астанада 7-қабатта өртенген пәтердің балконында ілініп тұрған әйелді құтқару сәті видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Елордада 10 шілдеге қараған түнде көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Өрттен қорғану үшін балконның терезесіне шыққан әйелді құтқарушы аман алып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, 10 шілдеде түнгі сағат 02.00-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Иманбаев 8 мекенжайына шықты.
"Өрт сөндірушілер келгенде 7-қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиhаздары өртеніп жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 7-қабатта балконнан әйел адам құтқарылды. Өрт сағат 2:25 минутта толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 12 адамы және 3 техникасы жұмылдырылды.
"Әйелді құтқарған азамат – 2-МӨСБ бөлімше командирі Бағлан Бекшенов және 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері Қадір Өмірзақов", - деді ведомство өклідері.
Аман қалған әйел құтақрушыларға алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131677-astanada-7-qabatta-ortengen-paterding-balkonynda-ilinip-turgan-aieldi-qutqargan-sat-videoga-tusip-qaldy/