Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саяжай суаруға арналған сорғы сорып әкеткен": Оралда қаза болған 12 жастағы баланың анасы жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

көл
Көл. Көрнекі фото: instagram.com/aqmola_tjd

Оралда 4 шілдеде саяжай суаруға арналған сорғы 12 жастағы баланың аяғын сорып әкеткен. Қайғылы жағдайдың мән-жайын өңірлік басылымға баланың анасы айтып берген. Куәгерлер баланы құтқара алмаған, деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, жасөспірім нағашы ағасымен Дерқұл өзеніне шомылуға кеткен.

Қайғыдан қан жұтқан анасы ұлын жібергісі келмегенін айтады. Ол кіші балаларына айналып жүргенде ұлдар өзенге кетіп қалған.

"Жағалаудан алыс емес жерде бақшаны суаруға арналған сорғы жұмыс істеп тұрды, оның кімге тиесілі екенін білмеймін. Кейін сорғы сүзгісіз жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды, оны ешкім бақылап тұрмаған. Қосып, кетіп қалған" , - дейді ол.

Қайтыс болған ұлдың анасының айтуынша, куәгерлер оны құтқара алмаған.

"Адамдар өздігімен тіпті оны судан алып шыға алмаған. Ер адамдар басын судың үстінде ұстап тұрған, алайда тым кеш болған. Кейін құтқарушылар келіп сорғыны кесіп, оны судан сорғымен қоса алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері ұлымды құтқаруға тырысты, бірақ одан түк шықпады. Су жұтып алған, аузынан көбік шығып жатты, ал аяғы көгеріп кеткен еді", -деп еске алады әйел.

Болған жағдайды анасы жиенінен естіген. Оқиға болған жаққа қарай жүгіргенімен, оны суға жолатпаған. Сол маңда жүргендер ұлдың денесін судан алып шығуға әркеттенген. Анасы жағалауда бір сағатқа жуық уақыт күтіп тұрған. Содан кейін ғана ұлдың денесін судан шығарған, алайда әйелді оған жақындатпаған.

"Бұл сорғы ештеңемен қоршалмаған, жағаға жақын жерде орналасқан. Шомылып жүргендердің кез келгені ұлымның орнында болуы мүмкін. Енді барлығы ұлымның өзі кінәлі дегенге әкеліп тұр. Мен енді мұндай жағдайдың қайталанғанын, ата-аналардың балаларынан айырылғанын қаламаймын. Кінәлілерді тауып, жазасын бергенін қалаймын. Енді мұндай қайғылы жағдайлар қайталанбаса екен деймін", - деп мәлімдеді ол.

Баланың анасы полицияға арыз жазуға ниетті.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бала суға түсуге тыйым салынған жерде ойнағанын хабарлады. Ол саяжайларға су алатын сорғы орнатылған понтоннан секірген. Салдарынан сорғы ұлдың аяғын сорып әкеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл факт бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Полиция қызметкерлерінен пікір алу әзірге мүмкін болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131842-saiazhai-suaruga-arnalgan-sorgy-soryp-aketken-oralda-qaza-bolgan-12-zhastagy-balanyng-anasy-zhanaiqaiyn-zhetkizdi/