Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше адам зардап шекті": Алматы – Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысты

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі сурет: freepik.com

Алматы – Екатеринбург тасжолында үш көлік соқытығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, жол көлік оқиғасы 16 шілдеде болған.

"Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылмаған.

Еске салсақ, 9 маусымда Ақтөбе – Астрахань тасжолында қайғылы жол апаты тіркелген еді. Таңғы уақытта, ауылға жақындап қалғанда жүргізушінің көзі ілініп кеткен. Оқиға кезінде екі адам көз жұмып, бір адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2134662-9-adam-zardap-shekti-almaty-ekaterinburg-taszholynda-ush-kolik-soqtygysty/