Ақмола облысында 6 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Жарияланған күні:
Бүгін, 16 шілдеде Ақмола облысында алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, оқиға көпқабатты тұрғын үй аумағында болған.
"Бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.
Еске салсақ, Өскеменде екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен еді. Оқиға болған кезде оның анасы үйде болғаны белгілі болды, бірақ ол аз уақытқа баласын қараусыз қалдырған. Ол баланың терезеге қалай көтерілгенін, масадан қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткенін байқамай қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2134791-aqmola-oblysynda-6-zhasar-bala-tortinshi-qabattan-qulap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.