Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы дәмханалардың бірінде келушілер арасындағы кикілжің атысқа ұласты

Жарияланған күні:

Атыс болған жер
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда қарулы дәмханалардың бірінде ер адамдар арасындағы кикілжің соңы атыспен аяқталды. Бұл туралы қалалық полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қалада болған жағдай туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кафелердің бірінде ер адамдар дауласып, ауызша төбелес физикалық күш көрсетуге ұласты. Төбелес кезінде олардың бірі травматикалық қару қолданған.

"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті "ізін суытпай ұсталды" және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленді. Істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарда.

Айта кетсек, бұған дейін Қонаев қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тарағанын, салдарынан бір жігіт қаза болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2136453-almatydagy-damhanalardyng-birinde-kelushiler-arasyndagy-kikilzhing-atysqa-ulasty/