jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Пештен кенеттен жалын шықты": Қарағандыда ферроқорытпа зауытының 8 жұмысшысы жарақат алды

    Шахтер каскасы. Көрнекі сурет
    Шахтер каскасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы кәсіпорынға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл ақпарат кәсіпорынның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    "20 шілде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

    Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілді, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста", - делінген YDD Corporation ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі өкілдері тратқан хабарламада.

    "Пештен кенеттен жалын шықты": Қарағандыда ферроқорытпа зауытының 8 жұмысшысы жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.