Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында төрт жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе
Терезенің қасында отырған бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқыс жағдай бүгін, 20 шілдеде Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.

"Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

ТЖМ ескертеді:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Айта кетейік, 16 шілдеде Ақмола облысында алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін жазған едік. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткенін хабарлап, ата-аналарға ескерту жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2137215-aqmola-oblysynda-tort-zhasar-bala-ekinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/