Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік көп жүретін көшеде трактор өртеніп кетті (видео)

Жарияланған күні:

Трактор өртенді. Фото
Трактор өртенді. Фото: ҚР ТЖМ телеграм арнасы

Бүгін, 23 шілдеде таңертең Алматыда көлік көп жүретін көшелердің бірінде трактор өртенді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан техниканы сөндірді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бүгін таңертең Әуезов ауданында болды. Трактор көпірдің астында 4 шаршы метр аумақта жанып кетті.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап өртті 23 минутта сөндірді.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_brothers парақшасында да пайда болды. Кадрдан Саин көшесінде трактордың өртенгенін көруге болады. Техника жалынға оранып, аспанға қара түтін көтерілді. Басқа жол қозғалысына қатысушылар тракторды айналып өтуге мәжбүр болды.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы тасжолда төтенше жағдай болған еді. Жолаушылар отырған автобус өртенді. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138304-almatyda-kolik-kop-zhuretin-koshede-traktor-ortenip-ketti-video/