Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда субұрқақта көз жұмған талапкердің өліміне қатысты сараптама қорытындысы шықты

Жарияланған күні:

Университет аумағындағы полиция қызметкерлері
Университет аумағындағы полиция қызметкерлері. Скриншот: t.me/kozachkow

Алматыда субұрқақта тоқ ұрып, қаза болды деген жасөспірімнің өліміне қатысты сарапшылардың қорытындысы шықты. Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары талапкер суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сарапшылардың айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып, содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмған. Мұны зертханадағы тексеріс растады.

Сондай-ақ сарапшы тадапкерді электр тоғының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

"Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған", - деді Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов.

Еске салсақ, 19 маусымда Алматыда кейбір түлектер үшін ҰБТ платформадағы ақауларға байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын. Осылайша, бірінші лек 23 маусымға, екіншісі 30 маусымға ауыстырылды.

Сол күні журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында видео жарияланды, ол кадрлардан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ғ аумағындағы субұрқақтың маңында полиция қызметкерлері жүргені көрінеді.

Кейіннен Алматыдағы ҚазҰУ қалашығы аумағында жігіт қаза тапты деген ақпарат тарады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет кулуарында ҚазҰУ аумағында 11-сынып оқушысы қазасының екі ықтимал себебін атады.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138763-almatyda-suburqaqta-koz-zhumgan-talapkerding-olimine-qatysty-saraptama-shyqty/