Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйдегі өртке байланысты адамдар эвакуацияланды

Жарияланған күні:

өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін түнде Алматыда 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Тұрғын үйден адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының Бостандық ауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі күштері 2 адамды құтқарып, баспалдақ маршымен 6 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырту түскен сәттен бастап 28 минуттың ішінде өрт сөндірілді", - деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігінің өкілі.

Төтенше жағдай министрлігі өкілдері азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан аспалы шамдар қоймасынан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139456-almatyda-kopqabatty-uidegi-ortke-bailanysty-adamdar-evakuatsiialandy/