Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып қалды (видео)

Жарияланған күні:

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жолаушылар автобусы мен екі жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Зардап шеккен адам бар деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Бұған дейін желіде апат орнында түсірілген видео пайда болған, ол Telegram-дағы Astanovka98 арнасында жарияланған. Видеодағы мәліметке қарағанда, Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болған.

CTS көлік компаниясы апаттың болғанын NUR.KZ тілшісіне растады.

"26 шілде сағат 11:55-те Тәшенов көшесінің бойында №52 автобус келе жатып, қозғалыс қашықтығын бұзып, Volkswagen автокөлігінің артқы жағына соқтығысқан, ал ол инерция бойынша Hyundai көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан көлікте болған жолаушы жарақат алып, жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозымен №3 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2140249-astanada-zholaushylar-avtobusy-men-zhengil-kolik-soqtygysyp-qaldy-video/