Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ірі өрттен кейін адамдар эвакуацияланып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Күкірт өртеніп жатыр
Күкірт өртеніп жатыр. Фото: ТЖМ

Шымкентте "Ордабасы" индустриалдық аймақ аумағында күкірт жанып жатыр. Салдарынан "Шаңырақ" ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы арнасында.

ТЖМ ақпаратынша, Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатыр.

ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы келуде. Өрт орнында ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды.

Сонымен қатар қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Қаракозевтың айтуынша, сағат 16:45-те Шаңырақ елді мекенінде дабыл қағу сиренасы қосылған. Мұнда тұратын 2472 тұрғын эвакуациялана бастады.

Сол кезде құтқарушылар 200-ге жуық адам Сайрам ауылына көшірілгенін айтты. №104 мектеп базасында эвакуациялық пункт ұйымдастырылған.

Қаракөзовтің сөзінше, жалпы тұрғындар үшін 5 эвакуациялық пункт ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2140623-shymkentte-iri-ortten-keiin-adamdar-evakuatsiialanyp-zhatyr/