Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй қирады: зардап шеккендер бар (фото)

Жарияланған күні:

Оқиға болған жер
Қызыорда облысында газ жарылып, тұрғын үй қирады. Фото: instagram.com/qyzylorda_tjd

Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.

"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", - делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.

"Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер", - деді мамандар.

Айта кетейік, 19 маусымда кешке таман Павлодарда монша мен кір жуу кешенінде газ жарылды. Жарылыс салдарынан кешеннің сыртқы қабырғасы жартылай опырылып, жақын маңдағы көліктерге зақым келгені хабарланды.

Сондай-ақ көктемде Маңғыстау облысы Бейнеу кентінде жеке тұрғын үй қирап, адам қаза тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141161-qyzylordada-gaz-zharylyp-turgyn-ui-qirady-zardap-shekkender-bar-foto/