Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жарылыс болып, жеке тұрғын үй қирап қалды

Опубликовано:

Қираған үй
Қираған үй. Фото: Lada.kz

3 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу кентінде жеке тұрғын үй қирап, адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылған, деп хабарлайды Lada.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 сәуірде болған.

"Газ жарылып, салдарынан үй қирады, Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қайтыс болды.Төтенше жағдай қызметінің қызметкері оқиға туралы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жедел диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел топ қираған жеке үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады", - деп түсіндірді компанияда.

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша газдың шығуы болған. Қолдан жасалған газ қазандығына қатысты РҚБО бұған дейін бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама берген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша анықталады", - деп атап өтті компания.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ауыл тұрғынының өліміне әкеп соққан оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Таңғы сағат 03.35-те Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында Сейфуллин көшесі бойында орналасқан бес бөлмелі тұрғын үйде белгісіз жағдайда жарылыс болып, одан кейін жалпы аумақта үй опырылып құлады.

Сағат 04.45-те үйіндінің астынан 1982 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Сағат 05.00-де жедел жәрдем бригадасы қайтыс болғанын растады. Оқиғаның себебі анықталуда. Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша іс қозғалды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078141-mangystauda-zarylys-bolyp-zeke-turgyn-ui-qirap-qaldy/

pixel