Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам балаға шабуыл жасады деп күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда баланың денесіне зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай мегаполистің Алатау ауданында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі жарақатты анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

"Ер адам міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазаға тартылады", - деді полицейлер.

Tengrinews.kz мәліметінше, зардап шеккен баланың анасы ер адам ұлын қылғындырғанын, бұан қоса оған және тағы бір қызға қол көтергенін айтты.

Еске сала кетейік, өткен аптада дәл осындай оқиға Алматыда болған еді. Ер адам лифтте екі баланы тепкілеген. Лифт кабинсында түсірілген кадрлар желіде тарады.

Күні кеше бұл іске қатысты үкім шыққаны белгілі болды. Ол қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ер адам өз кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142405-almatyda-er-adam-balaga-shabuyl-zhasady-dep-kudikke-ilindi/