Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

терезе
Терезе. Көрнекі фото: Gettty Images/ Andreas Rentz / Staff

Бүгін Теміртау қаласында алты жасар бала көпқабаттағы үйдегі пәтердің терезесінен құлап, мерт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.

"Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ мынаны ескертеді:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
  • Баланың өздігінен ашып алуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз – балалар cоларға сүйенемін деп құлайды!
  • Баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыс орналастырыңыз!

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда үш жасар бала көпқабатты үйдің 13-қабатының терезесінен құлап, қаза тапқанын жазған едік.

Ал Шымкентте жыл басынан бері бес бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған, төртеуі жараланып, біреуі мерт болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142445-temirtauda-alty-zhasar-bala-altynshy-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/