Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында түнде тағы бір жол апаты болды: қаза тапқандар бар

Жарияланған күні:

Қызмет барысындағы полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында тағы бір жол апаты болды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігі мен минивен соқтығысқан. Салдарынан екі адам қаза тапты, үш жолаушы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысында болған жол апаты түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Автор Ақтөбе-Хромтау бағытындағы жолда жүк көлігінің минивенге аударылып жатқан сәтін түсірген.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жүк көлігі мен минивеннің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты, үш жолаушы медицина мекемесіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, оқиға орнына облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының төрт бригадасы шықты. Төрт науқасқа қызмет көрсетілді.

"2012 жылы туған қыз бала, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді, жағдайы өте ауыр, 18 жастағы зардап шегуші (қыздың ағасы) де ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты, ауыр, есін біледі. Үшіншісі - 1981 жылы туған әйел, бас-ми жарақатымен стационарға жеткізілген, есін жиған, төртінші адам - 1972 жылы туған жүк көлігінің жүргізушісі жарақатпен полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға орнында көлікке қысылған екі зардап шегушіні шығарып алу жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ауруханаларға жеткізілген зардап шегушілер жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 7 тамызда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі жол апатына қатысты пікір білдіріп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146162-aqtobe-oblysynda-tunde-tagy-bir-zhol-apaty-boldy-qaza-tapqandar-bar/