Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада трал LRT конструкциясын қиратты: үш жаяу жүргінші зардап шекті

Жарияланған күні:

Жүк көлігі. Фото
Жүк көлігі. Фото: telegram.org/astanovka98

Астанада оқиға куәгерлері құлаған LRT құрылымының астында зақымдалған жүк көлігін видеоға түсіріп алған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Астанада SHACMAN тралы LRT құрылымына соғылды.
  • Оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысында болды, жүргізуші өлшемдерді ескермеген.
  • Соқтығыс салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді.

Астана полициясының ақпаратынша, арнайы техника тиелген SHACMAN тралының жүргізушісі Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысынан өтіп бара жатып, көлемін ескермей LRT құрылымына соғылған.

"Оқиға салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шекті, бұл факт бойынша барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында 7 тамызда жантүршігерлік жол апаты болған еді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146678-astanada-tral-lrt-konstruktsiiasyn-qiratty-ush-zhaiau-zhurginshi-zardap-shekti/