NUR.KZ-те мақалалардың нейрожелі арқылы құрастырылған қысқаша мазмұны жариялана бастады
Жарияланған күні:
NUR.KZ ресурсты пайдалануды жеңілдету үшін заманауи технологияларды белсенді қолданады. Бұл жолы ChatGPT мақалалардың қысқаша мазмұнын құрастыруға қатыстырылды.
NUR.KZ ұжымы ресурс оқырмандары үшін барынша пайдалы әрі ыңғайлы интернет-кеңістік құруын жалғастырып келеді. Сайттың техникалық командасы портал жұмысына автоматтандырылған алгоритмдерді белсенді түрде енгізіп жатыр, алайда автоматтандырылған алгоритмдер сараптама мен адам күшін қажет етпейтін материалдарға енгізіледі. Оқырмандар үшін жылдамдық пен жеделдікті арттыру мақсатында нейрожелі валюта бағамдары, матч нәтижелері және ауа райы болжамдарының үлгілері бойынша мақалалар құрастыруға қатысады.
Жасанды интеллекті қолданудың жаңа форматы – көлемді мақалалардың қысқаша мазмұнын құру, оған редакцияға ыңғайлы болуы үшін арнайы әзірленген құрал мен ChatGPT қатысады. Енді журналист жазған мақала мәтінінің негізінде автоматты түрде мақалада айтылған негізгі түйінді ойлар жинақталып беріледі. Сіз оны тақырыптан кейінгі мақала кіріспесінен көре аласыз. Бұл көлемді мақалада қандай ой айтылатынын жылдам бағамдауға, мақаланың мазмұнын ретке келтіруге, сол арқылы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін сайт командасы функцияны кең көлемде тестілеуден өткізді. Кейбір мақалаларымызда материалда айтылған ойлардың қысқаша мазмұны беріліп жүргенін өзіңіз де байқаған боларсыз. Талдаулар бұл формат сіздердің, яғни оқырмандарымыздың көңілінен шыққанын көрсетіп отыр.
Енді мақалаларда сөз болатын негізгі түйіндер көптеген жарияланымда шығып отырады. Біздің әзірлеушілер жасаған алгоритмдердің арқасында бұл жаңалық оқырмандар үшін де, редакция үшін де ыңғайлы болмақ, өйткені ол адам ресурстарын қажет етпейді.
Айта кетейік, жасанды желі әлі де жетілдіріліп жатқандықтан, нейрожелі арқылы құрастырылған контентте кей кездері грамматикалық, стилистикалық және т.б. қателер кетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2117373-nur-kz-te-maqalalardyng-neirozheli-arqyly-qurastyrylgan-qysqasha-mazmuny-zhariialana-bastady/