Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 37 жастағы ер адамның үстіне автотиегіш құлап кетті

Жарияланған күні:

Автотиегіш
Автотиегіш. Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда жөндеу жұмыстары кезінде автотиегіш құлап, салдарынан 37 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, полицияға 8 тамызда Көкшетау полиция басқармасына жедел жәрдем бекетінің фельдшерінен кәсіпорындардың бірінде Зеренді ауданының 37 жастағы тұрғыны қаза тапқаны туралы қоңырау келіп түскен.

Алдын ала тергеу барысында жөндеу жұмыстары кезінде ер адамға автотиегіш құлап кеткені белгілі болды.

Полиция басқармасы аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот-медициналық сараптама жүргізілді, қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2147875-aqmola-oblysynda-avtotiegish-qulap-37-zhastagy-azamat-qaza-tapty/