Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Аялдамаға соғылған троллейбус
Аялдамаға соғылған троллейбус. Фото: Instagram.com/krisp_almaty

Алматыда троллейбус жүргізушісі тізгінді игере алмай, аялдамаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апатының видеосы krisp_almaty Instagram аккаунтында жарияланды. Видеоға жазылған жазбада троллейбус аялдамаға және жақын маңда тұрған жаяу жүргіншіге соғылғаны атап өтілген.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жол апатының болғанын растады. Апат Алмалы ауданында болғаны атап өтілді.

"Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылы бойымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Макатаев көшесінен оңтүстікке қарай тізгінді игере алмай, аялдама кешеніне және сол жерде тұрған жаяу жүргіншіге соғылған. Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Апаттың мән-жайын аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2149468-almatyda-trolleibus-aialdamaga-sogyldy-video/