jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады: бір әйел мерт болды

    Автобус іші
    Автобус іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    15 тамыз күні таңертең Сайрам тұрғын алабында No148 қалалық автобуста қайғылы оқиға орын алды. Мас ер адам жүргізушіге жұдырығымен шабуыл жасаған.

    Шабуылдан қорғанбақ болған жүргізуші кенет тежегішті басқан. Сол сәтте шығаберісте тұрған әйел жерге құлап, басын қатты соққан. Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды.

    Мас жолаушының қолынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

    "Жарақат алған жүргізуші ауруханада жатыр. Қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз жүргізушінің аумағын жолаушылардан оқшаулап, әйнек орнатуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр", - деп түсіндірді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жағдайға қатысты.

    Полиция департаменті шабуыл жасаушының ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторында екенін хабарлады.

    "Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

    Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады: бір әйел мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.