Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы апаттан қаза болған екінші полицей туралы дерек шықты

Жарияланған күні:

Жамбыл облысындағы жол апаты
Жамбыл облысындағы жол апаты: t.me/POLICE_of_KZ/12807

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқан екінші полицей Абылайхан Әбішкеннің өмірінің жай-жапсарын айтып берді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқан 32 жастағы екінші полицейдің артында екі баласы қалған.

"Қызметке адал жас маман ата-анасының үміті мен қуанышы болды", - дейді Ішкі істер министрлігі марқұм полицей туралы.

Әбішкен ішкі істер органдарында 2019 жылдан бері қызмет атқарған.

"Қайтыс болған әріптестердің ата-аналарына, жұбайлары мен балаларына, жақындарына ортақпыз. Олардың жарқын бейнелері мен ерлік істері біздің жадымызда мәңгі сақталады", - деп толықтырды Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы республикалық тас жолда жантүршігерлік көліп апаты салдарынан 6 адам мерт болды. Олардың арасында екі полиция қызметкері болды.

Бұған дейін қаза болған полицейлердің бірінің 11 баласы бар екенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150232-zhambyl-oblysyndagy-apattan-qaza-bolgan-ekinshi-politsei-turaly-derek-shyqty/