Жамбыл облысында жол апатынан алты адам қаза тапты: екеуі полиция қызметкері
Жарияланған күні:
Жамбыл облысындағы республикалық тас жолда жантүршігерлік көліп апаты салдарынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған. Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған.
Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның екеуі — полиция қызметкері және төртеуі — Toyota Alfard көлігінің жолаушысы. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар қызметі өртті сағат 1:45-те сөндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150073-zhambyl-oblysynda-zhol-apatynan-alty-adam-qaza-tapty-ekeui-politsiia-qyzmetkeri-foto/