Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бесінші қабаттағы пәтер өртенді

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру сәті. Фото
Өрт сөндіру сәті. Фото: t.me/qr_tjm

Өскеменде Назарбаев даңғылы бойында бес қабатты үйдегі пәтерден өрт шықты. 15 тұрғын көшеге шығып үлгерді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер түтінге оранған тұрғын үйге кіріп, барлау жұмыстарын жүргізе келе, жанып жиһаздар мен жеке заттар жанып жатқанын анықтаған.

"25 шаршы метр аумақтағы өрт тез арада сөндірілді. 15 тұрғын өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салсақ, Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалынның ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам өрттен аман алып қалған.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @zhaloby__astana парақшасында жарияланды. Онда өрттің елордадағы Сығанақ көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150697-oskemende-besinshi-qabattagy-pater-ortendi/