Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мейрамханалардың бірінен өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

өрт сөндіру машинасы
Өрт сөндіру көлігінің белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Алматының Бостандық ауданында өрт болды. Террассасы бар мейрамхана өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Төтенше жағдай министрлігі күштері мейрамханадан 6 газ баллонын шығарған. Өрт 350 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

"Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдай министрлігі өкілдері азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы "Мимино" мейрамханасының жанындағы барбекю барында өрт шыққанын жазған едік.

Бұдан бөлек, Алматыда 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік. Тұрғын үйден адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан аспалы шамдар қоймасынан өрт шыққан.

Ведомство ақпаратынша, өрттің кеш хабарлануына байланысты күшейіп кеткенін және қоймада тез жанғыш заттардың көп болуынан өртті сөндіруде қиындық туындап жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150829-almatyda-meiramhanalardyng-birinen-ort-shyqty-video/