Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өртеніп кетті":" Жетісу облысында жеңіл көлік тиеген жүк көліктері соқтығысты

Жарияланған күні:

Жол апаты
Жол апаты. Видеодан скриншот: instagram.com/zhetysu.police

Жетісу облысында ірі жол-көлік оқиғасы болып, көліктер өртеніп кетті. Бір жүргізуші аман қалды, екіншісінің жағдайы белгісіз. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 23 тамыз күні сағат 18:15 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының батыс бағыттағы 278-ші шақырымында үлкен жол апаты болды. Сегіз жеңіл көлік тиелген жүк көлігі алты жеңіл көлік тиелген басқа жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жүк көліктері де, олардың үстіндегі жеңіл көліктер де өртеніп кеткен.

"Бірінші көліктің жүргізушісі аман қалды, екіншісінің жүргізушісінің тағдыры әзірге белгісіз. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп, оқиғаның себептері анықталып жатыр", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы үш күнде бұл – қайғылы жағдайға әкелген төртінші жол-көлік оқиғасы. Осы оқиғалардың салдарынан бес адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2152803-ortenip-ketti-zhetisu-oblysynda-zhengil-kolik-tiegen-zhuk-kolikteri-sogysty/