jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқантардың арасында полицей мен оның әйелі бар

    Жүк көлігіне соғылған жеңіл көлік
    Оқиға орны, Видеодан кадр: t.me/uralskweek_official

    24 тамызда Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, салдарынан полицей мен оның әйелі көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 тамыз күні сағат 08.20-да Чапаево –Жалпақтал – Казталовка тасжолында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған.

    "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "КамАЗ" көлігімен соқтығысқаны анықталды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде екеуі – кәмелетке толмағандар", - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің өкілдері.

    Қазір бұл жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Жол-көлік апаты кезінде "ГАЗ-3102" автокөлігінің жолаушылары болған полиция қызметкері мен оның әйелі қаза тапты.

    Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген ведомство хабарламасында.

    Айта кетейік, бұған дейін 23 тамыз сағат 18:15 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының батыс бағыттағы 278-шақырымында үлкен жол апаты болғанын жазған едік. Сегіз жеңіл көлік тиелген жүк көлігі алты жеңіл көлік тиелген басқа жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан жүк көліктері де, олардың үстіндегі жеңіл көліктер де жанып кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.