Астанадағы сауда орталықтарының бірінде эскалаторда үш бала зардап шекті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалатордың ақауы салдарынан үш бала зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ОКҚ-да өткен брифингінде елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев балалар неден жарақаттанғанын айтты.
"Сауда орталықтарының бірінде екі күннің ішінде үш бала бірдей жарақат алды", - деді Ағабек Чикинаев.
Оның сөзінше, жарақат алғандар – екі мен үш жас аралығында балалар.
"Олардың саусақтары өте кішкентай, қадағалаушы орган келіп тексергенде, балалардың саусақтарын қысып, жарақаттаған эскалатордың тістектері сынғаны анықталды", - деді спикер.
Еске сала кетейік, осыған ұсқас оқыс оқиға наурыз айында Ақтау сауда орталықтарының бірінде болған – жеті жасар қыз саусағынан айырылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153449-astanadagy-sauda-ortalyqtarynyng-birinde-eskalatorda-ush-bala-zardap-shekti/