Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала құлап кеткен (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға болған жер
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/na_dorogah_aktau

Желіде Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен жол ортасында бала түсіп қалғаны түсірілген видео тарады. Қазір полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Instagram желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасында жарияланды.

"Көлік бұрылып жатқанда бала түсіп қалды", - делінген видеосипаттамада.

Видеоның астында желі қолданушылардың көбі жағымсыз пікір қалдырған.

"Ата-ананың балаға деген немқұрайлылығы", "Ата-ана құқығынан айыру керек", "Арнайы орындық та жоқ, есіктер құлыпталмаған", "Арнайы орындықсыз бала тасымалдағаны үшін қатаң айыппұл салу керек", - деп жазды ашуланған желі қолданушылары.

Бұл жайтқа байланысты Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153545-aqtauda-zhurip-kele-zhatqan-kolikten-bala-tusip-qaldy-video/