Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында аулада тұрған автокөлік өртенді: көлік ішіндегі 10 жасар қыз қаза тапты

Жарияланған күні:

Полицей
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында автокөлік өртеніп, көлік ішінде болған 10 жасар қыз қаза тапты. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 27 тамызда Хромтау ауданының Дөң ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді.

Бұл көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбалары арқылы дәлелденді.

"Автокөліктің ішінде 10 жасар қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға орын алған кезде ата-аналары үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын, барлық қажетті сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2154090-aqtobe-oblysynda-aula-turgan-avtokolik-ortendi-kolik-ishindegi-10-zhasar-qyz-qaza-tapty/