Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында танк пен автокөлік соқтығысты (видео)

Жарияланған күні:

Танк пен автокөлік соқтығысы
Танк пен автокөлік соқтығысы: Видеодан скрин

Желіде Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Telegram-дағы egov.press арнасында жарияланды. KAZ.NUR.KZ тілшісі Қорғаныс министрлігінен мәселенің анық-қанығын сұрап білді.

"Әскери танк Жамбыл облысында ашық далада күтпеген жерден жеңіл автокөлікті қағып кетті. Ішінде жүргәзушә болған. Егжей-тегжейлер анықталып жатыр", - деп жазды Telegram-дағы арна.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны "Мәтібұлақ" оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде "Танкке жол бер" белгісі қойылған. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Шағымы жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155078-zhambyl-oblysynda-tank-avtokolikpen-soqtygysty-video/