Алматыда жеке үй өртенді (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Әуезов ауданында жеке тұрғын үйде өрт орын алды. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Әуезов ауданындағы жеке тұрғын үйдегі 120 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді.
"ТЖМ күштерімен өрт 120 ш.м. алаңда сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2158491-almatyda-zheke-ui-ortendi-video/