Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда оқушы екі қатарласына пышақ жарақатын салған

Жарияланған күні:

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар мектептерінің бірінің екі оқушысы пышақ жарақатын алды. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова бұл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мектеп оқушылары пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат әлеуметтік жеріде жарияланды.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай 2024 жылғы 11 қыркүйекте сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін "Эрзи" дүкенінің жанында болған.

6-сынып оқушыларының бірі екі оқушыға бәкімен пышақ жарақатын салған, олар мұны бірден хабарламаған, сабақтан қалып, үйлеріне кетіп қалған", - деп түсіндірді Павлодар облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі.

Сәуле Шәкеневаның айтуынша, сол күні кешке зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына медициналық көмекке жүгініп, тігіс салынған.

12 қыркүйекте ата-аналар болған жағдайды мектеп әкімшілігіне хабарлаған, мектеп әкімшілігі кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қорлау (буллинг) және кибербуллинг жағдайларына жедел әрекет етудің қолданыстағы алгоритміне сәйкес, білім бөлімін хабардар етіп, полиция шақырған.

13 қыркүйекте Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, онда кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкіліне және мектеп әкімшілігіне қатысты шешімдер мен ұсынымдар қабылданған.

"Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді омбудсмен.

Павлодар облысы поиция департаменті өкілдері бұл жайтқа түсінік беріп, екі оқушы жарақат алғанын хабарлады.

"Тексеру барысында қылмыскердің оқиға болған кезде қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмағаны анықталды, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалмаған", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал, полицейлердің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау комиссиясы кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқын қарап, үйде оқыту форматына көшіру шараларын қабылдады", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2161324-pavlodarda-oqushy-eki-qatarlasyna-pyshaq-zharaqatyn-salgan-politseiler-qandai-shara-qabyldanganyn-aitty/