jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда базарлардың бірінен өрт шықты

    Алматыдағы өрт
    Алматыдағы өрт. Фото: Алматы ТЖД

    Алматыда Ақсай-4 шағынауданында орналасқан "Арыстан" базарында контейнер өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте, сағат 15:28-де Ақсай-4 мекенжайындағы Арыстан сауда орнында болған.

    "Өрт сөндірушілер келген сәтте ауданы 8 шаршы метр аумағы қамтыған контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дер кезінде өрттің таралу қауіпін болдырмай, ТМҚ сақталған көрші контейнерлерді өрттен аман алып қалды", - делінген хабарламада.

    Өрт 15:30-да жойылды.

    Өртті сөндіруге 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

    Айта кетейік, тамыз айының аяғында Алматы аудандарының бірінде пластикалық бұйымдар бар ірі қойма өртке оранды. ТЖД қызметкерлдері өртті толығымен сөндіріп, зардап шеккендер жоқ екенін мәлім еткен еді.

    Алматыда базарлардың бірінен өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.