Астанада құтқарушылар басына "горшок" киіп, шеше алмаған балаға көмектесті
Жарияланған күні:
16 қыркүйекте елордада ТЖМ құтқарушылары басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп өздігінен шеше алмаған балаға көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше елордаданың Алматы ауданында ТЖМ құтқарушылары абайсызда басына "горшокты" киіп, өздігінен шеше алмаған балаға көмекке келді.
Оқиға орнына келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары баланың басынан оны абайлап шешіп алды.
"Бәрі ойдағыдай өтті", - деді құтқарушылар.
Айта кетейік, Атырауда полиция қызметкерлері лифтте қалып қойған екі жасар сәбиді құтқарды.
Сондай-ақ Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, қызыл жалынның ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам өрттен аман алып қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2162242-astanada-qutqarushylar-basyna-gorshok-kiip-sheshe-almagan-balaga-komektesti/