Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында пойыз теміржол өткелінде жүк көлігін қағып кетті (видео)

Жарияланған күні:

Теміржол
Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Алматы облысында пойыздың жүк көлігімен соқтығысқан сәті түсіп қалған видео пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері істің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде жарияланған кадрларда апаттан кейінгі жағдай көрсетілген.

"Пойыз Елтай ауылы бағытында жүк көлігімен соқтығысты, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген видео астындағы жазбада.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданына қарасты Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде болған. Iveco маркалы жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлікке механикалық зақым келген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164119-almaty-oblysynda-poiyz-temirzhol-otkelinde-zhuk-koligin-qagyp-ketti-video/