Ақтауда қоқыс контейнерлерінің арасынан бұрынғы ММА спортшысының денесі табылды
Жарияланған күні:
Ақтауда қоқыс контейнерлерінің арасынан ер адамның денесі табылды. Кейін марқұмның түрлі турнирлерге қатысқан боксшы болғаны анықталды. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қала тұрғындары ер адамның фотосуреттерін әлеуметтік желілер мен мессенджерде таратқан. Ер адамның мүрдесі 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің бірінен табылғаны хабарланды.
Басылым авторларының жазуынша, марқұмның денесі әбден ісініп, қарайып кеткен.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, мүрде 20 қыркүйекте табылғанын айтты.
"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді ведомство өкілдері.
Басылымдағы ақпаратқа сүйенсек, марқұм 1994 жылы туған Вусал Джафаров болып шыққан. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. Ер адамның өлім алдында қатты соққыға жығылғаны, денесі бірнеше күн көшеде жатқаны айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2164533-aqtauda-qoqys-konteinerlerining-arasynan-buryngy-mma-sportshysynyng-denesi-tabyldy/