Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бес көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті (видео)

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда бес көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, 22 қыркүйекте сағат 16.00 шамасында Тәттімбет көшесінде "ГАЗель", Jetour, Audi и две Lada көліктері соқтығысты.

Оқиға салдарынан "ГАЗель" көлігінің 39 жастағы жүргізушісі, сонымен қатар Jetour көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция аталған деректі тіркеді.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2165299-qaragandyda-bes-kolik-soqtygysty-zardap-shekkender-auruhanaga-zhetkizildi-video/