jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Талғардағы төбелес: полиция ұстау шарасынан видео жариялады

    Талғардағы төбелес кадрлары
    Талғардағы төбелес кадрлары. Фото: instagram.com/police_almobl

    Алматы облысының полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Полиция мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Талғарда жастар арасында жанжал шығып, кейін төбелеске ұласқан.

    "Қақтығыс салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полицияның хабарламасында.

    Қазір құзырлы органдар істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеу үшін қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

    "Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп қорытындылады департамент өкілдері.

    Еске салайық, бұған дейін Талғарда атыс болды деген ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Куәгерлер оқ атылғанын естігенін хабарлаған болатын.

    Талғардағы төбелес: полиция ұстау шарасынан видео жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.